"Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының
"Облыстық мамандандырылған сәби үйі" КММ сайтына қош келдіңіздер!
Жалпы ереже
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.
Мекеме түрі: Коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Мемлекеттік мекеме «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қайта құру жолымен туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 24.12.2024 жылғы № 198 қаулысына сәйкес қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы ретінде әрекет етеді.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарамасының «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2025 жылғы 09 қаңтарындағы № 01-17-23 бұйрығымен бекітілген.
Мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Мекеменің қысқаша атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» КММ.
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №7 үй.
Мекеме қызметінің мақсаты баланың құқығын қорғау және қамтамасыз ету, тәрбие беру, денсаулығын нығайту.
Мекеме қызметінің мәні жетім және ата-анасының қамқордығынсыз қалған, некесіз жас анадан туылған балаларға, сонымен қатар ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін балаларға медициналық көмек көрсетіп, тәрбие беруге арналған денсаулық сақтау мекемесі болып табылады.