Сәби үйі туралы мәлімет

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған сәби үйі» КММ - ны бойынша ақпарат.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған Сәби үйі» коммуналдық мемлекеттік мекеме 2012 жылы жаңадан салынып, эксплуатацияға берілген жалпы жер аумағы 7000 шаршы метрді қамтитын 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Қазіргі таңда 60 төсекке арналған орында 0 - 4 жасқа дейін бала тәрбиеленуде, олар:

- Үш жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

- Некесіз жалғыз басты анадан туылған балалар

- Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында, өмірлік қиын жағдайға тап болған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларының 4 жасқа дейінгі балалар Ақыл-ой мен дене дамуында ақаулықтары бар балалар.

Сәби үйі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үш жасты қоса алғанда мемлекеттік медицина ұйымдарында болу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-327/2020 бұйрығыжәне «Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрықтарымен жұмыс жасайды.

Сәби үйінде барлығы штат бойынша - 96,5 бірлік толығымен қамтылған. Балалардың жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, еркін тұлғаны қалыптастыру, дербестік дағдыларын қалыптастыру, балаларды күту және тәрбиелеу үшін келесі мамандар жүзеге асырады: физиотерапевт, балалар неврологы, педиатр, ЕДШ кабинетінің нұсқаушысы, уқалаушы, физио кабинетінің маманы, педагог - психолог, логопед, Монтессори - педагог, музыка жетекшісі, тәрбиешілер мен мейіргерлер.

Дәрігерлердің санаттылығы - 66,6 % құрайды:

Оның ішінде:

Жоғары дәрежелі санаттылық - 66,6 %

Орта буын медицина қызметкерлері - 68,1 % құрайды:

Оның ішінде:

Жоғары дәрежелі санаттылық - 66,6 %

Педагогикалық кадр - 29,4 %:

І категория - 23,5 %

Педагог - сарапшы - 5,8 %