Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Бегім – Ана» балабақшасы КМҚК бүлдіршіндері мен қызметкерлері келіп, "Сырдың бақытты балапандары" атты қайырымдылық концертін қойды. Мерекелік шараға балабақшаның «Бәйтерек», «Балапан», «Күншуақ», «Балауса» топтарының бүлдіршіндері «Шалқыма» және «Орыс» биін және жеке орындауда әндер орындады.
"Бегім Ана" балабақшасының меңгерушісі Оразаева Ляззат Ильясқызы мекеме қызметкерлерін, кішкене сәбилерді келіп жеткен Рамазан айымен құттықтап, сыйлығын берді.Концерт соңында сәбилер үйінің бас дәрігері Күләш Райбекқызы «Бегім – Ана» балабақшасының балалары мен қызметкерлеріне алғысын айтты. Сәбилердің жүзінен күлкі кетпесін! Аспанымыз ашық, деніміз сау, еліміз тыныш болсын!