Облыстық мамандандырылған сәби үйі ұжымы денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген барша мейірбикелерді - Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Мейірбике ісі - денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Өмірге сән беріп, тіршілікке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!