ҚҰРМЕТТІ ЖУМАГУЛОВА РОЗА САГАТОВНА СІЗДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!??? Мейірбике ісі – ең жауапты әрі қиын сондай-ақ адалдықты қажет ететін маман иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай. Міне, осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан жанның бірі Жумагулова Роза Сагатовна 20 сәуір 1966 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында қарапайым отбасында дүниеге келді. 1984 жылы Қызылорда қаласының медициналық училишесіне түсіп, оны 1987 жылы бітіріп шықты. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Еңбек өтілін сол жылы Қызылорда қалалық емханасында мейірбике болып бастаған. 2002 жылдың қазан айынан бері облыстық мамандандырылған сәби үйінде жұмыс жасап келеді. Осы Сәби үйінде қызмет жасаған кезінде Сәби үйінің жұмысының жақсаруына, бала күтімі мен тәрбиесіне, денсаулығына, алдын-алу шараларының өз деңгейінде жүргізілуіне үлесін қосып, аянбай еңбек етті. Өз білімін ғана жетілдіріп қоймай, өзіне қарасты орта және кіші буын медицина қызметкерлерінің де білімі мен біліктілігін жетілдіруге ықпал жасады. Әр түрлі тақырыптарға семинарлық сабақтар, медициналық конференциялар, конкурстар, аттестациялар жүргізді. Санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуының арқасында балалар арасында инфекциялық науқастар (жедел ішек инфекциясы, жедел респираторлы инфекция, вирустық гепатит, аурухана-ішілік инфекциялар) бала өлімі біршама төмендеді. Осы тынымсыз еңбегі бағаланып мекеменің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірнеше рет алғыс хатымен марапатталды. Жоғары дәрежелі мейірбике, кәсіподақ ұйымының мүшесі. 2018 жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжіне оқуға түсіп, 2020 жылы қолданбалы бакалавр мамандығын тәмамдады. Қазіргі уақытта академиялық бакалаврды оқып жатыр. Отбасылы, 1 ұл бала, 1 қыз бала тәрбиелеп отырған бақытты ана. Құрметті Роза Сағатовна, атқарып жатқан еңбегіңізге табыс, отбасыңызға аманшылық, бақыт тілейміз.