25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, 22.10.2022 жылы Облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Менің Отаным – Қазақстан!» атты ертеңгілігі өткізілді.
Ертеңгіліктің басты мақсаты – бүлдіршіндерді патриотизмдік тәрбиеге баулу, егемендігімізді ұлықтау. Мерекелік іс-шара барысында тәрбиеленушілеріміз патриоттық бағыттағы әндерді шырқап, би билеп, тақпақтарын айтты.