1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Облыстық мамандандырылған Сәби үйінің бүлдіршіндері бүгін осы атаулы мерекені атап өтті. Балаларымызды мерекемен құттықтап келген біздің демеушілеріміз өздерінің сыйлықтарымен келіп, жылы лебіздерін білдірді.

 

Атап айтсақ, «Сенім» ЖШС директоры Аяпова Жанат Рахмановна, Қан орталығының бас дәрігері Игембаев Серик Куандыкович, қалалық ауруханасының бас дәрігері Толегенов Бауыржан Толегенович, 66597 әскери бөлім командирі Әбдірайым Ербол Қадірбекұлы, филиал УМГ «Қызылорда» АО «ИнтергазЦентральнаяАзия» директоры Кызылбаев Талгат Жетписбаевич. Келген қонақтарымыз естелікке суретке түсті.

 

Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым-Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз!