12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған.

 

Сондықтан Халықаралық Мейірбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық мейірбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында ерекше мереке ретінде тойланып келеді. Бұл күн құрпет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы мереке қарсаңында Облыстық мамандандырылған сәби үйінде мейірбикелер арасында «Үздік мейірбике» атты сайыс өткізілді. Жеңімпаздар анықталып марапатталып, сыйлықтар берілді. Көп жылдан бері медицина саласында өзіндік үлесін қосып келе жатқан мейірбикелер алғыс хаттармен марапатталды. Барлық мейірбикелерге бақыт , еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз!