Облыстық мамандандырылған сәби үйінде, ?? 2020 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, бүлдіршіндер арасында "Кел, Жаңа жыл" атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Сәби үйіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала" бөлімінің бас маманы Г. Сақтағанова, Қорқыт ата атындағы университетінің өкілдері, АҚ "Forte Bank" қызметкерлері, Байқоңыр қаласынан жеке тұлғалар, "Сенім" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, "Білім инновация лицейінің ұстаздары мен оқушылары сәбилерді мерекемен құттықтап, сыйлықтарын берді.
Жаңа жылдық шыршада сәбилер Аяз атаға, келген қонақтарға өздерінің өнерлерін көрсетті: өлеңдер мен тақпақтар айтты, шыршаны айналып биледі, ертегінің кейіпкерлері болды.
Сәбилеріміз әрдайым аман болып, осындай қуанышты күндері көп болсын!
Қазақ еліміз гүлдене берсін, тыныштық заман болсын!
Жаңа 2020 жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, береке және мол жақсылықтар әкелсін!