«16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен «Облыстық мамандандырылған сәби үйінің» бас дәрігері Ержанова Гүлсім Естайқызы Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының "Алғыс хатымен" бас есепші Жанкараева Кенжегуль Маденбайқызы ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Алғыс хатымен" аға мейірбике Бекмурзаева Мира Бегалиқызы марапатталды.
Құрметті Гүлсім Естайқызы, Кенжегуль Маденбайқызы Мира Бегалиқызы
Сіздерді марапаттарыңызбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, денсаулық саласына үлкен үлес қоса берулеріңізге тілектеспіз✨
Ұжым атынан Сіздерді және барша Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/155-r-densauly-sa-tau-ministrini-al-ys-khatymen-a-a-mejirbike-bekmurzaeva-mira-begali-yzy-marapattaldy.html#sigFreeId6217361b77