Монтессори әдістемесінің ерекшелігі - баланы ерте жастағы шағында ақыл-ой өрісінің дамуына маңыздылығы зор. Арнайы дайындалған ортада бала өзін, еркін сезініп, қалаған ойындарын ойнау арқылы сенсорикалық (заттың түсін, пішінін, қасиеттерін, сезімдерін анықтау) қабілеттері, қолдың ұсақ моторикасы (саусақтарының буынының қимылын жақсарту) қабылдау зейіні, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы, тілдің сөйлеу қабілеттілігін дамытып жақсартады.
Қазіргі таңда сәбилер үйінде тәрбиеленуші балаларымызбен «Монтессори» әдісі бойынша сабақтар жүргізіп, жан - жақты дамытып, тұлғаны қалыптастыру процессі жүруіне зор үлес қосудамыз. Бүкіл әлем қолданып жатқан Мария Монтессори әдісінің еркін шығармашылық ой – қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, сәби үйінде «Монтессори» әдісімен жұмыс жасау, логопед және психолог мамандарының кеңестері мен түзету сабақтары арқылы жүргізіледі. Емдік дене шынықтыру, түрлі физио ем қабылдау, уқалау қызметтері жолға қойылған. Осы қызметтерді сырттан келетін балаларға да ақылы түрде көрсете аламыз.