Дәрігер – арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата–бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер!

Осындай қиын да, жауапты кәсіпті абыроймен атқарып жүрген барлық медициналық қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймыз.
Облыстық мамандандырылған сәби үйінде де көпжылдық жұмыс өтілдері бар, білікті дәрігерлер жұмыс жасайды. 
     Шаймаганбетова Роза Масалимовна 1996 жылы  Қараганды мемлекеттік
медициналық университетінің педиатрия факультетін бітіріп, еңбек жолын балалар емханасында аймақтық педиатр дәрігері болып бастаған. Жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 25 жылды құрайды.
2004 жылдан бастап Қызылорда облыстық сәбилер үйінде балалар дәрігері болып жұмыс атқарады.
Өз білімін жетілдіру мақсатында көптеген мастер-класстар мен конференцияларға қатысқан.
Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медалімен марапатталған.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, бірнеше  рет құрмет грамоталарымен марапатталған.
     Скакова Нургул Жанаевна 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық
академиясының педиатрия факультетін бітіріп, еңбек жолын Қызылорда қалалық №6 емханада аймақтық педиатр дәрігері болып бастаған. Жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі 20 жыл. 2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық сәбилер үйінде балалар дәрігері болып жұмыс атқарады.
Өз білімін жетілдіру мақсатында көптеген мастер-класстар мен конференцияларға қатысқан. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық  денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған.
     Бакирова Индира Прмаганбетовна 2012 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ
ұлттық университетінің педиатрия факультетін бітіріп, еңбек жолын Қызылорда қаласындағы №1 қалалық емханада аймақтық педиатр дәрігері болып бастаған. 2015 жылдан бастап оңалту орталығында КФ «UMC» Қызылорда филиалында реабилитолог дәрігері қызметін атқарады.
2021 жылдан бастап Қызылорда облыстық сәбилер үйінде  реабилитолог дәрігер болып жұмыс атқарады.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  және облыстық  денсаулық сақтау басқармасының  құрмет грамотасымен марапатталған.
Өз білімін жетілдіру мақсатында көптеген мастер-класстар мен конференцияларға қатысқан.
20.05.2021 жылдан бастап Облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Балаларды оңалту тобы» ашылып, облыс бойынша оңалту емін қажет ететін балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік қарастырылған.