Дүниежүзін дүрліктірген індет ең әуелі дәрігерлерге ауыр салмақ түсірді.
Аяпова Гулзина Калдановна Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын 1984 жылы дәрігер гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын сол жылы Қызылорда қалалық санитарлық эпидемиологиялық стансасында санитарлық дәрігер болып бастаған.
1984-1997 ж.ж. аралығында Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында өнеркәсіп гигиенасы бөлім басшысы қызметін атқарған.
1997-2017 ж.ж. аралығында облыстық ЖИТС–тің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталықта дәрігер эпидемиолог қызметін атқарған. Бірінші санатты дәрігер эпидемиолог.
2020 жылдан бастап облыстық мамандандырылған сәби үйінде дәрігер эпидемиолог қызметін атқаруда. Пандемия уақытында мекемеміздің эпидемиологының қажырлы еңбегі арқасында, қызметкерлердің сақтық шараларын сақтауын қатаң қадағалап, жұмысты өз деңгейінде жүргізе білуі арқасында мекеме тәрбиеленушілері және қызметкерлері короновирусқа шалдыққан жоқ. Әлемді жайлаған СOVID -19 пандемиясы санитарлық дәрігерлердің, эпидемиолог мамандарының адамзат үшін маңызын әлде де арттыра түскендей. Себебі бұл мамандар короновируспен күресте жүректілік, жанкештілік танытты және олар күресті әлі күнге дейін тоқтаусыз жалғастыруда.