Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көпбейінді облыстық медицина орталығында өткізілген салтанатты жиналыста, Облыстық мамандандырылған сәби үйінің балалар дәрігері Нұргүл Жанайқызы ҚР ДСМ-нің "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексеитұлы өз қолымен табыс етті.
Сондай-ақ мерекелік жиналыста Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы, сыр медицинасының ардагерлері Тұрғанбай Маханұлы, Раиса Әбдешқызы «Сыр медицинасы Тәуелсіздік жылдарында» атты кітабының тұсауын кесті. «Сыр медицинасы Тәуелсіздік жылдарында» кітабына облыстық мамандандандырылған сәби үйінің даму тарихы да енді.
#16желтоқсан
#тәуелсіздік
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/196-16-zhelto-san-t-uelsizdik-k-ni.html#sigFreeId8c661489d8