16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Облыстық мамандандырылған сәби үйінің мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында Облыстық мамандандырылған сәби үйінің соңғы 30 жылда жеткен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді және бас дәрігер Гүлсім Естайқызы қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі мен мекеменің марапаттары: «Құрмет» және «Алғыс» грамоталарын табыстады. Іс-шара кезінде бас дәрігер Гүлсім Естайқызы сәби үйінің даму тарихы енген «Сыр медицинасы Тәуелсіздік жылдарында» атты кітабын қызметкерлерге таныстырды. Ұжым қызметкерлері сәби үйінің осындай облыстың медицинасы үшін маңызды кітабына енгендігіне өте қуанышты.
#16желтоқсан
#тәуелсіздік