Балаим Туғанбайқызы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сәбит Бексеитұлымен бірге сәби үйін аралап, мәжіліс залында мекеме қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында облыстық мамандандырылған сәби үйінің жұмысына оң бағасын беріп, қызметкерлеріне алғыс білдірді.