23.02.2022 жылы Облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы Шаменованың, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексеитұлы Пазиловтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Тұзды шахта» бөлмесі ашылды. Галотерапияның бүлдіршіндерге имунитетті жақсартуға, ЖРВИ, ЖРИ, пневмонияның алдын алуға, аллергиялық дерматиттерді емдеу үшін маңызы зор.
Бүлдіршіндеріміз үшін аса қажетті бөлмені «Еңбек Жер» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, басшысы Шакизатхан Әбдіғаппарұлының қолдауымен, демеушілік көмек көрсету арқылы салынып, толық жабдықталды.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы «Еңбек Жер» ЖШС - гі директорының орынбасары Каппаров Мадияр Жеңісбекұлына, балалардың денінің саулығына өте қажет “Тұзды шахта” бөлмесін ашып бергені үшін ілтипатын білдіріп, алхыс хат табыстап, алдағы уақытта кәсіптеріне береке тіледі.
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/216-t-zdy-shakhta-b-lmesi-ashyldy.html#sigFreeIdf041c5c133