16.03.2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Өз жолдауында мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы ауқымды бастамалар, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру, оңтайлы реформалар туралы айтып өтті. Және де Президент Қазақстан халқының бүгін және болашақта бақытты өмір сүруін қалайтындығын жеткізіп, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырды.