Мейірбике ісі – ең жауапты әрі қиын сондай-ақ адалдықты қажет ететін маман иесі. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай.
Міне, осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан жанның бірі Ерниязова Калдыгуль Алдамуратовна 20 қыркүйек 1963 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Мектепті 1978 жылы 8 сыныбын бітірісімен Қызылорда қаласындағы медицина училищесінің акушерлік түсіп, оны 1983 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолын 1983 жылы Қызылорда қаласындағы әйелдер босанатын ауруханаға акушер мамандығымен жұмысқа орналасты, 1988 жылға дейін осында қызмет істеп, кейін қалалық поликлиниканың профилактикалық бөлімшесінде медициналық статист мамандығымен жұмысқа ауысты. Қалалық сәбилер үйіне мейірбике-тәрбиеші болып 2001 жылы келді.
Өзінің білімімен, біліктілігі және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ұжымда беделді, тәжірибелі, білімді маман.
Өзі қызмет жасаған осы уақыт ішінде жас орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастаруға, кәсіби білімі мен біліктілігін көтеруге, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасының жақсаруына сүбелі үлес қосты.
Облыстық мамандандырылған сәби үйінде осы күнге дейін аянбай еңбек етіп келеді.
Ерниязова Калдыгуль Алдамуратовна қызмет атқарған жылдар ішінде білікті маман ретінде өз білімін жетілдіріп ғана қоймай, өзінің қарамағындағы орта және кіші буын мединина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін жетілдіруге де аса мән берді. Түрлі семинарлар ұйымдастырды, жас мамандарды да тәрбиелеуде қажырлы еңбек етті.
Осы тынымсыз еңбегі бағаланып «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Ерниязова Калдыгуль Алдамуратовна бүгінгі таңда жоғары дәрежелі білікті, тәжірибелі маман ғана емес, ұлағатты ана, асыл әже ұжымның беделіне ие болып отырған бақытты жан.
Жанұялы, 3 бала, 7 немере тәрбиелеп отырған жарасымды жанұя отанасы.
Ақ халатты абзал жанға, атқарып жатқан еңбегіңізге табыс, отбасыңызға аманшылық, бақыт тілейміз.