Жарқын елдің болашағы саналатын сәбилердің, яғни, қоғамның басты байлығы адам өмірінің сақшысы бола білген дәрігерлердің ерен еңбегі, атқарған істері әрқашан елеулі. Бала жаны жұмбақ әлем. Кішкентай сәбидің, естияр баланың саулығын білу үшін сезімталдық қасиет те керек. Ал, өмір үшін күреске толы мамандықты игеруге екінің бірі келмейтіні анық. Осы орайда, облыстық мамандандырылған сәби үйінде талай жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, тағдырдың талқысына тап болған сәбилерге көмек көрсетіп, аялы алақандарымен сая болып жүрген жандардың бірі Шаймағанбетова Роза Масалимовна.

Роза Масалимовна 1970 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

Мектеп бітірген соң 1990 жылы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1996 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты. Еңбек жолын сол жылы Қызылорда қаласы, балалар емханасында учаскелік дәрігер болып бастады.

1998 – 2000 жылдары Қызылорда қаласы, Абай селосында жалпы профильдік дәрігер қызметін атқарды.

2000 - 2003 жылдары Қызылорда қаласы № 1 емханада аймақтық дәрігер болып жұмыс жасады.

2004 жылдан бастап облыстық мамандандырылған сәби үйіне балалар дәрігері болып ауысып, осы күнге дейін аянбай еңбек етіп келеді.

Өзі қызмет жасаған осы уақыт ішінде орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастаруға, кәсіби білімі мен біліктілігін көтеруге, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасының жақсаруына сүбелі үлес қосты.

Роза Масалимовна қызмет атқарған жылдар ішінде білікті маман ретінде өз білімін жетілдіріп ғана қоймай, өзінің қарамағындағы орта және кіші буын мединина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін жетілдіруге де аса мән берді. Түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар ұйымдастырумен қатар, жас мамандарды да тәрбиелеуде қажырлы еңбек етті.

Осы тынымсыз еңбегі бағаланып, 2011 жылы «Құрмет грамотасы» және 2017 жылы «Алғыс хатымен», 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Шаймаганбетова Роза Масалимовна бүгінгі таңда жоғары дәрежелі білікті, тәжірибелі маман.