14.06.2022 жылы облыстық мамандандырылған сәби үйінің мәжіліс залында медициналық қызметкерлер күніне арналған мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиын барысында сәби үйінің бас дәрігері Г.Е.Ержанова қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық мамандандандырылған сәби үйінің марапаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, бас дәрігер медициналық қызметкерлер арасында өткен 54-ші спартакиадаға қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен қызметкерлерді дипломдармен марапаттап, мекеме кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сертификатты табыстады.
Барша медициналық қызметкерлерді алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз.
“Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”.
“Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз!