23.12.2022 жылы Әли Мүсілімұлы атындағы № 101 мектеп – лицейінің мәжіліс залында қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес, облыстық мамандандырылған сәби үйінің бас дәрігері Г.Е.Ержанова 2022 жылдың қорытындысы бойынша сәби үйінде атқарылған жұмыстары туралы мәліметті баяндады. Отырыс барысында қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері облыстық мамандандырылған сәби үйінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, мекемедегі бүлдіршіндерге көрсетіліп жатқан сапалы қызметті әрі қарай жалғастыруды тапсырды.