Бүгін, Жаңа жыл мерекесіне орай, облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Кел жаңа жыл, жаңа жыл» атты театрландырылған ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы Пазилов, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жөніндегі орынбасары Мая Миранбайқызы Мирзанова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Ғазиза Әбдіғапарқызы Сақтағанова бүлдіршіндерді құттықтап келіп, «ЛогоЕжка» логопедиялық бағдарламасын қондырып, сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін бүлдіршіндерге соңғы үлгідегі ноутбукты сыйға тартты. Сонымен қатар, ертеңгілік барысында басқарма басшысы Сабит Бексеитұлы сәби үйінің балаларына сыйлықтар, түрлі ойыншықтар табыстап, сәби үйі бүлдіршіндеріне, ұжым қызметкерлеріне ізгі тілектерін арнады. Мерекелік іс-шарада бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып, қонақтарды өнерлерімен қуантып, олармен бірге естелікке суретке түсті.