Облыстық мамандандырылған сәби үйінің бүлдіршіндері үшін, жаңа 2023 жыл көптеген сыйлықтармен басталды. Жаңа жылдық сыйлыққа Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» ұйымы ноутбук сыйға тартты. 05.01.2023 жылдан бастап сәби үйінде сыйлыққа әкелінген ноутбукқа «ЛогоЁжка» логопедиялық бағдарламасын орнатып, іске қосылды.
Заманауи «ЛогоЁжка бағдарламасының» сәби үйіндегі балалардың сөйлеу тілін түсінуін жақсарту, белсенді сөйлеу тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру үшін маңызы зор.
Педагог, логопед, психолог мамандары сабақты бала үшін қызықты, әрі барынша пайдалы етіп өткізуге мүмкіндік алып отыр.