Облыстық мамандандырылған сәби үйінің 2022 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысы өтті.

Бүгін, облыстық мамандандырылған сәби үйінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жөніндегі орынбасары Мая Миранбайқызы Мирзанованың қатысуымен, 2022 жылды қорытындылауға арналған жиналысы өтті. Жиналыс барысында облыстық мамандандырылған сәби үйінің бас дәрігері Ержанова Гульсим Естайқызы 2022 жылы сәби үйі бойынша атқарылған жұмыстары, жаңа енгізулер және алға қойған мақсаттары туралы жылдық есепті баяндады.

2022 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат толық игеріліп, балалар дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен, киім-кешекпен толық қамтамасыз етілді. Бүлдіршіндердің тіл дамуын жақсарту, қол моторикасын, зейін, таным процесстерін дамыту үшін «САТР» Адалин бағдарламасы іске қосылып, оң нәтижесін беруде.

Сонымен қатар, демеушілік көмекті ұйымдастыру арқылы республика бойынша сәби үйлері мекемелері арасында алғашқы болып, «Еңбек-Жер» ЖШС-нің демеушілігімен «Тұзды шахта» бөлмесі ашылып, тәрбиеленушілер арасында төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, жедел респираторлы инфекциялар, бронхо - өкпелік патологиялар бойынша аурушаңдық көрсеткіші 2 есеге төмендеген. Туа біткен ақаулары бар балаларды республикалық деңгейдегі орталықтарда кезеңді түрде (поэтапно) отаға, реабилитациялық емге жолдау үшін жергілікті емханалармен бірігіп жұмыстар жүргізіліп, аурушаңдық, мүгедектік көрсеткіштерін азайтуға қол жеткізіліп отыр.

Жиналысты қорытындылауда Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Мая Миранбайқызы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, шағын мекеме болуына қарамастан, жаңа енгізулерді үнемі ізденіп, сол енгізулерді жұмыс барысында қолданып, өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сәби үйінің бүлдіршіндеріне жасап жатқан қызметтері үшін, ұжым қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік, табыс тіледі.