Медициналық мамандықтардың ішінде негізгі және екінші дәрежелі мамандықтар жоқ – бәрі маңызды. Бірақ педиатр әр баланың өміріндегі алғашқы дәрігер. Педиатр дәрігері нәресте туылған күннен бастап, қамқорлық жасайды. Педиатрлар медицинаның негізгі жетістіктерін қолданып және балалардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін және бақылау жасайтын, олардың ауруларын тану, емдеу және алдын-алу бойынша практикалық шараларды жүзеге асырып, бала дегенде сезімдері бөлек - абзал жандар. Осындай абзал жандардың бірі де бірегейі, ұзақ жылдар бойы балаларға аялы алақандарының жылуын білдіріп, еңбек етіп келе жатқан Облыстық мамандандырылған сәби үйінің балалар дәрігерлерін айтуға болады.
Сәби үйінің дәрігерлері күн сайын әрбір баланы қарап, медициналық тексеру жүргізіп, қорытындысын КМАЖ (КМИС) жүйесіне еңгізіп отырады. Сонымен қатар, әрбір баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында, жүргізіп жатырған реабилитациялық, оқыту және тәрбиелеу, түзеу – педагогикалық қолдау бойынша жүргізілетін жоспарды айқындау мақсатында мультидисциплинарлық топ құрамымен біріге отырып, жұмыс атқарады. Жоғарыда көрсетілген жүйелі жұмыс нәтижесінде мүгедектіктің алдын алу және барлық аурушаңдық түрлері бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне қол жеткізілді.