Бүгін, Облыстық мамандандырылған сәби үйінің бүлдіршіндерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Искаков келді.
Олжас Ермекұлы мекеменің «Қош келдің - Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қатысып, балалардың өнерін тамашалап, бүлдіршіндерімізге мерекелік сыйлықтарын табыстап, өз құттықтау тілектерін айтты. Сонымен қатар, аймақтың бас дәрігері облыстық мамандандырылған сәби үйінің бірқатар қызметкерлерлерін Облыс әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/320-zha-a-zhyl.html#sigFreeId5032467eb8