Облыстық мамандандырылған сәби үйінде Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында кішкентай бүлдіршіндеріміз арасында «Төрлет жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз өткізілді. Ертеңгілікке ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар келіп балаларды қуантты. Балаларымыз Аяз атаға тақпақтарын айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады. Осы мерекелік шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» бөлімінің бас маманы Сақтағанова Ғазиза Абдуғаппарқызы қатысып, балаларға жылы лебіздерін білдіріп, бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, сыйлықтарын табыстады. Ертеңгілігіміздің соңында бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақар және қонақтармен естелікке суретке түсті.