01.06.2022 жылы «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Бар мейіріміміз - балаларға» атты театрландырылған ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Б.Пазилов бастаған басқарма қызметкерлері және емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Абылайханұлы, бүлдіршіндерді құттықтап келді. Ертеңгілік барысында басқарма басшысы С.Б.Пазилов балаларды мерекелерімен құттықтап, сәби үйінің бүлдіршіндеріне сыйлықтар - ойыншықтар табыстады, бүлдіршіндердің тіл дамуын жақсартып, “Дельфа логопедиялық” тренажерын қондырып, сабақтар өткізуге арналған толық жабдықталған жаңа версиялы заманауи компьютерын сыйға тартты.
Салт - дәстүрімізге сай, басқарма басшысы Сабит Бексеитұлы сәби үйі тәрбиеленушісінің тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер және демеушілер келіп, бүлдіршіндердің қуанышына куә болды. Мерекелік іс-шарада бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып, қонақтарды өнерлерімен тәнті етті.
View the embedded image gallery online at:
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/256-1-iyunya-mezhdunarodnyj-den-zashchity-detej-2.html#sigFreeId7f82efd287
https://qzosabiler.kz/kz/zhanaly-tar/256-1-iyunya-mezhdunarodnyj-den-zashchity-detej-2.html#sigFreeId7f82efd287