23.02.2022 жылы «Еңбек Жер» ЖШС-нің, демеушілігімен облыстық мамандандырылған сәби үйінде «Тұзды шахта» бөлмесі ашылып, қазіргі таңда балаларымыздың игілігіне пайдаланылуда.
Тұзды шахта бөлмесінде қабылданатын емді-галотерапия деп атайды. Атап айтқанда баланың жүйке жүйесінің қызметіне және де жалпы иммундық жүйені жақсартуға, ЖРВИ, ЖРИ, пневмонияның алдын алуға, аллергиялық дерматиттерді емдеу үшін маңызы зор.
Осы уақытқа дейін тұзды шахта бөлмесінен 38 бала өтіп, алдын алу, сауықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қолдану тәсілдері:
✔️2-3 жастан – 20 мин.
✔️3 жастан жоғары – 30 мин.;
✔️1 курс 10-25 процедура;
✔️Жылына 1-2 курсқа дейін алынады;
✔️1 сеанста 4-6 балаға дейін алынады;
✔️Әр сеанстың арасында 15-20 мин желдету.