«Медициналық қызметкерлер күні» мерекесі қарсаңында Облыстық мамандандырылған сәби үйінің аға мейіргері Бекмурзаева Мира Бегалиевна Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Бекмурзаева Мира Бегалиевна 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Қызылорда қаласының медициналық училищесіне түсіп, оны 1989 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Жалпы еңбек өтілі 32 жыл.

Еңбек өтілін 1989 жылы, Қызылорда қалалық балалар ауруханасында мейірбике болып бастаған.

2001 жылы облыстық мамандандырылған сәби үйінде жұмысқа орналасып, 2013 жылдан бастап сәби үйінің аға мейіргері болып жұмыс атқаруда. Осы уақытқа дейін Мира Бегалиевна сәби үйінің жұмысының жақсаруына, бала күтімі мен тәрбиесіне, денсаулығына күтімнің өз деңгейінде жүргізілуіне үлесін қосып, аянбай еңбек етіп келе жатыр.

Осы тынымсыз еңбегі бағаланып мекеменің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды.

Облыстық мамандандырылған сәби үйі ұжымы Мира Бегалиевнаны алған марапатымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, кәсібінде толағай табыстарға жетуін тілейміз. Сәби үйінің бүлдіршіндері үшін жасап жатырған еңбегі әрдайым бағаланып, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз.