26.08.2022 жылы вице – министр жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағановпен, Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбетпен бірге Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты, Облыстық мамандандырылған сәби үйінің жұмысымен танысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы мекемені аралатып, жұмыс барысын көрсетті. Сәби үйін аралау кезінде вице-министр мекемеде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесіп, сенсорлық кабинет, емдік дене шынықтыру, Монтессори, ән-күй кабинеттерінің және 2022 жылдың ақпан айында «Балалар жылына» арнайы ашылған «Тұзды шахта» бөлмесінің жұмысымен тереңірек танысты. Вице – министр сәби үйі ұжымының жұмысына оң бағасын беріп, қызметкерлерге жасап жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді.