Жаңалықтар

Монтессори әдістемесінің ерекшелігі - баланы ерте жастағы шағында ақыл-ой  өрісінің дамуына маңыздылығы зор. Арнайы  дайындалған ортада бала өзін, еркін сезініп, қалаған  ойындарын ойнау арқылы сенсорикалық (заттың түсін, пішінін, қасиеттерін, сезімдерін анықтау)  қабілеттері, қолдың  ұсақ  моторикасы (саусақтарының буынының қимылын жақсарту) қабылдау зейіні, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеті, есте сақтауы, тілдің сөйлеу қабілеттілігін дамытып жақсартады.

Облыстық мамандандырылған сәби үйінде Жаңа жылдық мерекені жалғастыру барысында "Мейірім акселераторы" жобасы аясында М.Маметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің Ерікті жастары бүлдіршіндерге өз өнерлерін көрсетіп, балаларға сыйлықтар әкеліп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сәбилеріміз де өз өнерлерімен бөлісті, тақпақтарын айтты, билерін көрсетті.

Облыстық мамандандырылған сәби үйінде, ?? 2020 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, бүлдіршіндер арасында "Кел, Жаңа жыл" атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Біздің Сәби үйінің бүлдіршіндерімен "Шалқан" ертегісі қойылымын өткіздік. Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамытады. Балаларымызбен сахналауды өте қызықты өткізіп, жалғасын бимен, ән шырқаумен өткіздік.