Жаңалықтар

Сәби үйінің бүгінгі қонақтары Қазақстан бойынша түпкір-түпкіркінен келген байкерлері. Балаларға көңіл-күй сыйлау үшін мотоциклмен аула ішінде серуендеді. Сонымен қатар, балаларымызға сый-сияпат көрсетті.

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні 12 мамыр – медбике ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853-1856) тұңғыш болып мейірбикелер қызметін ұйымдастырған.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Бегім – Ана» балабақшасы КМҚК бүлдіршіндері мен қызметкерлері келіп, "Сырдың бақытты балапандары" атты қайырымдылық концертін қойды. Мерекелік шараға балабақшаның «Бәйтерек», «Балапан», «Күншуақ», «Балауса» топтарының бүлдіршіндері «Шалқыма» және «Орыс» биін және жеке орындауда әндер орындады.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Облыстық мамандандырылған Сәби үйінің бүлдіршіндері бүгін осы атаулы мерекені атап өтті. Балаларымызды мерекемен құттықтап келген біздің демеушілеріміз өздерінің сыйлықтарымен келіп, жылы лебіздерін білдірді.

04.10.2018 ж. облыстық мамандандырылған сәби үйінде берекелі де ырысты «Алтын күз» атты ертеңгілігі өткізілді. Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.